«Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы».

    «Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы».

    Абайды тану – ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын білумен ғана шектелмейді. Абайды тану – ең алдымен өзіңді тану, өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді жетілдіру, кемшіліктеріңмен күресу, білім мен ғылымға ұмтылу, адамдықты биік қою.
    Абай Құнанбайұлының әрбір сөзі – бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтпаған рухани бағдар. Оның «толық адам» болуға үндеген ойлары адамды еңбекке, білімге, ізденіске, әділет пен мейірімге тәрбиелейді. Ұлы ақын надандық пен жалқаулықтан арылып, ғылым мен білімді серік етуге шақырды. Бұл – қай заманда да маңызын жоғалтпайтын құндылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы» деген сөзі де осыны айқын аңғартады. Себебі Абай мұрасы – өткеннің ғана еншісі емес, бүгінгі ұрпақтың рухани темірқазығы. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқу арқылы адам өзіне сұрақ қояды: Мен қандай адаммын? Қоғамға қандай пайда келтіріп жүрмін? Білімім мен еңбегім ел игілігіне жарап жүр ме?
    Абайдың мұрасы – ұлттың рухани қазынасы, ал оны дәріптеу – әр ұрпақтың парызы. Ұлы ойшылдың тағылымын бойымызға сіңіріп, білімді, еңбекқор, әділетті, жауапкершілігі мол азамат болуға ұмтылсақ, бұл – Абай аманатына адалдықтың ең биік көрінісі.
    Абайды оқу – ойыңды ояту,
    Абайды түсіну – жүрегіңді тәрбиелеу,
    Абайды тану – өзіңді тану.
    Ұлы Абайдың ғибратты сөзі мен өнегелі жолы ұрпақ санасында мәңгі жасай берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары