«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында дәріс өткізілді

    17.07.2026 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Ақтау қаласындағы «Flamingo» жазғы лагерінің балаларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» және «Буллингтің алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізді.

    Іс-шараға Әділет департаментінің бөлім басшылары, Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.

    Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

    Дәріс барысында балалар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары