2026 жылғы 29 шілдеде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С.С. Булебаевтың, Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-профилактикалық жұмысты және қоғамдық денсаулықты үйлестіру бөлімінің басшысы Ф.С. Имашеваның және "Текелі қалалық ауруханасының" медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен ZOOM кеңес өткізілді.
Тақырыбы:
• МӘС-ке сапасыз және негізсіз бағытталғандарды талқылау.
• МӘС-ке жолдау барысында дәйексіз және жалған құжаттардың ұсынылуына жол бермеу.
• Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының №15 қосымшасының "Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі" талаптарын сақтау. Сырттай проактивті куәландыру бойынша 45% нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







