Сағат 00:20 шамасында Өскемен–Алматы республикалық маңызы бар автожолында Қалбатау ауылының тұрғыны отбасымен бірге Алакөл жағалауынан қайтып келе жатқанда Ваз 21014 автокөлігі техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалады. Жаңбырлы түні жас балаларымен жолда қалған отбасы өз күшімен қозғалысын жалғастыра алмай, көмекке мұқтаж болған.
Осы уақытта Жаңғызтөбе ауылы маңындағы 941-шақырымда қызмет атқарып жүрген Қалбатау полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Оспанов Серік пен полиция аға лейтенанты Алкенов Серікбол жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқап, мән-жайды анықтайды.
Полицейлер автокөліктің техникалық ақауға байланысты тоқтап қалғанын анықтап, отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсетті. Көлікте балалар барын көрген қызметкерлер автокөлікті сүйрету үшін тас жол бойымен өтіп бара жатқан жүк көліктерін тоқтата бастайды.
Жол шетінде техникалық ақауы бар көлікке бей-жай қарамаған жүк көлігінің жүргізушісі бірден тоқтап, автокөлікті сүйрей бастайды. Ал, қызметкерлер болса, отбасының шаңырағына аман оралулары үшін көліктің артынан қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жүріп отырған.
Көрсетілген көмек үшін Қалбатау ауылының тұрғыны полицейлерге және жүк көлігінің жүргізшісіне алғысын білдірді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерінің уақытылы көмегі отбасының қауіпсіз түрде үйіне жетуіне мүмкіндік берген. "Жаңбырлы түні отбасыммен қиын жағдайға тап болғанда бірден жанымыздан табылдыңыздар. Өздеріңіздей азаматтар көп болсын" деді ол.
Өздеріңіздей азаматтар көп болсын: Абай облысында полицейлер түнде жолда көлігі сынып қалған жүргізушіні үйіне аман-есен жеткізді
Ұқсас материалдар

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДЫҚ НИЛУФАР РАЙМОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Алатау ауданында есірткі қылмысының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді
Алатау ауданы әкімінің аппаратыАшу
АИЧИ-НАГОЯДА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
ҚР ТСМАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Алты жылға дейін бас бостандығынан айыру: Абай облысында мал ұрлығы бойынша 11 адамға қатысты сот үкімі шықты
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Семейде автотұрақтағы орынға байланысты дау туындап, әйел асфальтқа жазу жазғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ КӨРЕДІ: ПАТРУЛЬДІК КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Семей қаласының 43 жастағы тұрғыны абаттандыру қағидаларын бұзған.
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Полицияның ақылды көмекшілері: «Сергек» жүйесі Семейде 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеді
Абай облысының Полиция департаментіАшу