
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарақия ауданы Полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, заңда белгіленген уақыттан кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруге болмайтыны ескертілді.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, ойын-сауық орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың қайда және кіммен жүргенін бақылауда ұстауға, сондай-ақ қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DbuisrSNxy6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==








