
Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы фитнес-жаттықтырушы Эдуард Гроссулмен бірлесіп «Факел» балалар сауықтыру лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында велосипедті қауіпсіз басқару ережелері, жол қозғалысы қағидаларын сақтау және қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану түсіндірілді. Ерекше назар велосипед шлемінің маңыздылығына аударылды. Шлем – құлау немесе жол-көлік оқиғасы кезінде бас жарақатының ауырлығын айтарлықтай төмендететін ең маңызды қорғаныс құралы.
Балалардың қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыру – олардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Сондықтан велосипед тебу кезінде шлем кию әрбір баланың міндетті дағдысына айналуы тиіс.








