«Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай қауіпсіздік стандарты: ведомствоаралық өзара іс-қимыл, тәуекелдер және алдын алу шаралары»

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай қауіпсіздік стандарты: ведомствоаралық өзара іс-қимыл, тәуекелдер және алдын алу шаралары»

    2026 жылғы 5 тамызда Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Б.С. Нұртаева Саран қаласы мен Абай ауданында «Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай қауіпсіздік стандарты: ведомствоаралық өзара іс-қимыл, тәуекелдер және алдын алу шаралары» тақырыбында көшпелі кеңес өткізді.

    Кеңеске Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д.С. Жиенбаев, Саран қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

    Кездесу барысында қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, тәуекел факторларын уақтылы анықтау және балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары