«Альрами» клубтық үйі» қоғамдық бірлестігіне жұмыс сапары

    «Альрами» клубтық үйі» қоғамдық бірлестігіне жұмыс сапары

    Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Тарасенко И.В. Павлодар қаласындағы «Альрами» клубтық үйі» қоғамдық бірлестігіне жұмыс сапарымен барды.

    Сапар барысында ұйымның қызметімен, жұмыс жағдайымен және менталдық бұзушылықтары бар адамдарға көрсетілетін қолдау бағыттарымен танысты.

    «Альрами» клубтық үйі» қоғамдық бірлестігі менталдық бұзушылықтары бар адамдарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік бейімделуіне, өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамытуға және қоғамдық өмірге араласуына ықпал етеді.

    Қазіргі уақытта Павлодар қаласында «Альрами» клубтық үйінің екі филиалы жұмыс істейді. Филиалдар өз қатысушыларына қолдау көрсетіп, олардың қарым-қатынас жасауына, дамуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасайды.

    Кездесу барысында менталдық бұзушылықтары бар адамдардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі және ұйым қызметін одан әрі дамыту мәселелері де талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі" жаңалықтары