Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы бала Глубокое ауданынан табылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы бала Глубокое ауданынан табылды

    Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы бала Глубокое ауданынан табылды

    Таңертең анасы жоғалғаны туралы хабарлаған Өскемен қаласының 12 жастағы тұрғыны Глубокое ауданының Белоусовка кентінен табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

    6 тамыз күні таңертең «102» арнасына Өскемен қаласының 33 жастағы тұрғынынан 12 жастағы ұлының хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

    Анасының айтуынша, жасөспірім алдыңғы күні кешке велосипед тебуге шығып, үйіне оралмаған. Ұялы телефонын үйде қалдырып кеткен.

    Хабарлама келіп түскен бойда Өскемен қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағанның жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын бастады.

    Сағат 13:00-де Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына Белоусовка кентіндегі автобус аялдамасында іздеуде жүрген баланың белгілеріне ұқсас бала отырғаны туралы ақпарат келіп түскен.

    Оқиға орнына Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Серік Бауыржан мен полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрысбеков жедел жетті. Олар кәмелетке толмаған баланың жеке басын анықтап, оның іздеуде жүрген жасөспірім екенін растады.

    Баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді Өскемен қаласы полиция басқармасының әріптестеріне тапсырды. Олар оны қажетті іс-шараларды жүргізу үшін облыс орталығына жеткізіп, кейін ата-анасына табыстады.

    Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауды, олармен тұрақты байланыста болуды және серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің маңыздылығын еске салады.

    Із-түссіз жоғалған баланы іздеуге және іздеу туралы ақпаратты таратуға бейжай қарамай қолдау көрсеткен өңір тұрғындарының барлығына алғысымызды білдіреміз.
    Азаматтардың қолдауы жоғалған адамдардың орналасқан жерін жедел анықтауда маңызды рөл атқарады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары