Қызылорда облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қызылорда облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті

    Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының төрағалығымен ағымдағы жылдың жеті айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы және «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының осы кезеңдегі нәтижелері қаралған жедел кеңес өтті. Кеңес барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар сараланып, негізгі көрсеткіштер талқыланды. Сондай-ақ қала және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары бейнеконференция байланысы арқылы қосылып, күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, есеп берді. Жиын қорытындысы бойынша Департамент бастығы алдағы кезеңге нақты міндеттер жүктеп, анықталған кемшіліктерді жою және жұмыс тиімділігін арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары