
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тілдегі жарнаманың сапасын арттыруға бағытталған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы қолданысын кеңейту, көрнекі ақпараттың тілдік сапасын арттыру, тіл мәдениетін дамыту және үздік тәжірибелерді насихаттау.
• квазимемлекеттік сектор өкілдері;
• кәсіпкерлік субъектілері;
• тауар өндірушілер;
• жарнамадағы тілдік қателерді анықтап, түзетуге үлес қосқан азаматтар.
Жоба жетекшісі: Ислам Болатов
Мемлекеттік тілдің мәртебесін бірге көтеріп, сауатты әрі сапалы жарнаманы қолдайық!









