ШҚО-ның Арнайы прокурорлары сотталғандар арасындағы бопсалау туралы қылмыстық істі тергеуді аяқтады

    ·
    ШҚО-ның Арнайы прокурорлары сотталғандар арасындағы бопсалау туралы қылмыстық істі тергеуді аяқтады

    Қадағалау қызметі аясында Бас прокуратурамен ҚР ІІМ ҚАЖК №22 мекемесінде ақша бопсалау фактісін анықтады, бұл бойынша қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне алынды.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен сотталғандар Ж. мен К.-ның 2025 жылдың шілдесінен қарашасына дейінгі кезеңде физикалық күш қолданамыз деп қорқыту арқылы жаңадан келген сотталған М.-дан «қамқорлық» жасағаны үшін ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.

    Арнайы прокурорлар кінәлі тұлғалардың қылмыс жасауға қатыстылығын растайтын жеткілікті дәлелдемелер жиынтығын жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.

    Глубокое аудандық сотының 2026 жылғы 29 шілдедегі үкімімен сотталушылар Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қолданыстағы жаза мерзімдері арттырыла отырып, бас бостандығынан айыруға сотталды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары