Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвесторларды жеке қабылдады

    Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвесторларды жеке қабылдады

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвесторларды кезекті жеке қабылдауын өткізді.

    Кездесу барысында бизнес өкілдері отандық өндірушілерді қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік сатып алу тетіктерін жетілдіру, инвестициялық келісімдердің орындалуы, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелерін көтерді.

    Әрбір өтініш жеке қаралып, қабылдау қорытындысы бойынша Комитет төрағасы жауапты құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген барлық мәселе толық шешілгенге дейін Комитеттің бақылауында болады.

    Инвесторларды жеке қабылдау – Комитет төрағасымен тұрақты негізде өткізіліп, бизнестің өзекті мәселелеріне жедел ден қоюдың тиімді тетіктерінің бірі.

    Еске саламыз, инвесторлар өздерінің құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша Бірыңғай 115 Call-орталығы арқылы да Комитетке жүгіне алады.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары