
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызмет – бұл жоғары жауапкершілік пен қоғам сеніміне негізделген қызмет. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерден өз міндеттерін кәсіби әрі адал орындаумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау талап етіледі. Бұл шектеулердің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшінің қызметтік өкілеттіктерін жеке басының пайдасына пайдалануға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін арттыру.
Осы талаптардың бірі – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген:
мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау;
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер.
Мемлекеттік қызметке қабылданған кезде әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Бұл талаптарды бұзу мемлекеттік қызметті тоқтату және басқа да жауаптылық шараларын қосқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – бұл жай ғана заң талаптары емес. Олар мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі мен адалдығының өлшемі. Заң талаптарын сақтау, жеке мүддені қоғамдық мүддеден жоғары қоймау және әрбір шешімді әділ қабылдау – халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтудың басты кепілі.
Адал мемлекеттік қызмет – әділетті қоғамның негізі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды өзінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауы тиіс.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің
бас маманы
С. Кантарбаева
Акмолинской области
С. Кантарбаева






