Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.
Ақмола облысы Әділет департаментінде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жарияланды:
Басқа
Ақмола облысы Әділет департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Көкшетау қаласы 10 шілде 2026 жыл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы №234-н бұйрығын (бұдан әрі – Департамент) басшылыққа ала отырып, 2026 жылғы 26 маусым мен 3 шілде аралығында Департаменттің жұмыс тобы Департамент бөлімшелерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. СИПАТТАУ БӨЛІМІ 1. ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ 1.1. Талдау барысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) құқықтық олқылық анықталды. Адвокаттық қызмет Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 3-1) тармақшаларына сәйкес адвокаттың адвокаттар алқасындағы мүшелігі адвокаттар алқасы президиумының шешімімен мынадай жағдайларда тоқтатылады: – адвокат өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген талаптарды, адвокаттардың кәсіби әдеп кодексін өрескел немесе бірнеше рет бұзған жағдайда; – осы Заңның 55-бабы 2-тармағының тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы жүргізген аттестаттау нәтижелері бойынша анықталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда; – осы Заңның 43-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген, адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған мән-жайлар жойылмаған жағдайда. Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокатты адвокаттар алқасынан шығару оның адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының қолданылуын тоқтатуға алып келеді. Сонымен бірге, Заңның 44-бабының 3-тармағына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының қолданылуын тоқтату лицензиармен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1. соттың заңды күшіне енген шешімімен адвокат әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайда; 2. адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан жағдайда; 3. адвокат қайтыс болған жағдайда; 4. адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда; 5. адвокатқа қатысты қасақана қылмыс жасағаны үшін айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда; 6. адвокатқа қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда. Жоғарыда көрсетілген Заң нормаларынан 44-бапта адвокатты адвокаттар алқасынан шығару адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының қолданылуын тоқтатудың негізі ретінде көзделмегені байқалады. Бұдан әрі, Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айыру лицензиардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1. адвокаттың кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, адвокаттардың кәсіби әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзуы;2. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №241-VIII Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3. Заңның 43-бабы 3-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайларды жоймауы;4. адвокаттың лицензия алуға негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы;5. Заңның 43-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қатарынан отыз алты ай ішінде лицензия қолданылуының үш рет тоқтатыла тұруы. Осылайша, адвокат Қазақстан Республикасы заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, адвокаттардың кәсіби әдеп кодексін кәсіби міндеттерін орындау кезінде өрескел немесе бірнеше рет бұзған жағдайда, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңында жауаптылықтың екі түрі көзделген: – адвокаттың адвокаттар алқасындағы мүшелігін тоқтату; – адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айыру. Сонымен қатар, бұрын қолданыста болған «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында (қазіргі уақытта күші жойылған) адвокат кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі қағидаттарын өрескел немесе бірнеше рет бұзған жағдайда адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының қолданылуын тоқтату көзделген болатын. Ұсынымдар: Адвокаттың лицензиясының қолданылуын тоқтату және адвокатты лицензиясынан айыру рәсімдерін өзара сәйкестендіру мәселесін қарастыру, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. 2.1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау Департамент қызметіне жүргізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ 2.1. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде Департаменттің қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексін («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекс), 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын» және Департамент қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Аталған заңнаманың талаптарына сәйкес барлық іс-әрекеттер ашықтық, заңдылық және белгіленген рәсімдерді қатаң сақтау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Қаржылық қамтамасыз ету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жарияланды:
Басқа
Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлер тізімі
№ Тегі Аты Жөні Фамилия Имя Отчество Лауазымы Должность Телефон Кабинет номері Жұмыс рабочий Ішкі внутренний 1 Досанова Раушан Серикбаевна Руководитель 25-29-16 2 Кабышев Эркин Молдахметович Заместитель руководителя 25-39-24 203 408 Әкімшілік бөлімі Административный отдел 3 Ибраева Динара Майдановна Руководитель отдела 25-00-18 205 402 4 Рахматулина Гульдарай Жастлековна Главный специалист 25-05-20 212 404 5 Шукенова Кульзира Вопановна Главный специалист Канцелярия 40-22-50 222 101 6 Курманбаева Динара Есетовна Главный специалист Канцелярия 25-62-48 222 101 7 Шеремет Эдвард Джемалович Ведущий специалист IT 25-05-20 503 8 Кализатова Амина Канатовна Главный специалист 25-05-20 212 404 9 Кантарбаева Сайран Шаркановна Главный специалист ВБ 25-30-87 218 403 10 Сабирова Аягоз Кайыртаевна Ведущий специалист 25-05-20 212 404 Қаржы және материалдық-техникалық камтамасыз ету бөлімі Отдел финансового и материально-технического обеспечения 11 Капаева Шолпан Дюсембиновна Руководитель отдела 72-19-63 211 513 12 Ташимова Гульбаршин Хайзуловна Главный специалист 25-79-47 224 516 13 Шаримова Культай Абдрахмановна Главный специалист 40-24-62 211 514 14 Асылбекова Гаухар Какеновна Главный специалист 40-24-62 211 514 Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі Отдел регулирования и контроля за деятельностью судебных исполнителей 15 Адамова Жулдыз Жаксылыковна Руководитель отдела 25-81-63 213 516 16 Тулегенова Дамели Госмановна Главный специалист 25-82-50 216 401 17 Муратова Жанар Нурлановна Главный специалист 25-50-00 208 406 18 Хусаинова Жаркынай Талгатовна Главный специалист 217 506 19 Жусупов Даурен Рахимжанович Главный специалист 25-50-00 208 406 Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Отдел контроля в сфере регистрационной службы и регистрации некоммерческих организаций 20 Әубакір Тілеген Ерақұлы Руководитель отдела 25-09-39 202 409 21 Жуварова Салтанат Маратовна Главный специалист 25-67-44 207 405 22 Абсаматова Гульдана Манатовна Главный специалист 25-67-44 207 405 23 Жахина Диана Нуртаевна Главный специалист 25-08-88 214 107 24 Хасанова Фарида Фаритовна Ведущий специалист 25-67-44 207 405 25 Оразалинова Гаухар Серикбаевна Главный специалист 25-67-44 207 405 Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі Отдел по праворазъяснительной работе и оказанию юридических услуг 26 Ержанов Адильбай Жарасбаевич Руководитель отдела 25-82-42 210 509 27 Естай Аққу Амангельдіқызы Главный специалист 25-82-42 209 510 28 Берлибекова Тоты Капаровна Главный специалист 40-15-08 512 29 Гаврилов Дмитрий Алексеевич Главный специалист 25-82-42 209 511 30 Латыш Людмила Александровна Главный специалист 25-82-42 209 510 31 Жангулина Айнагуль Кайырхановна Ведущий специалист 25-82-42 209 510 Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім Отдел по правам интеллектуальной собственности 32 Сандыбай Қият Шорманұлы Руководитель отдела 40-25-96 206 505