Сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген бе?
Иә. Борышкер сот актісін немесе атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауаптылық көзделген.
Осы бапқа сәйкес:
- жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады;
- лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.