Сұрақтар мен жауаптар — Департамент юстиции Акмолинской области

    Департамент юстиции Акмолинской области мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысына өтінішті қалай жолдауға болады?

    Жауап

    2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтардың ыңғайлылығы үшін «Тараптар кабинеті» онлайн-сервисін енгізді. «Тараптар кабинеті» сервисіне қол жеткізу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптары, яғни өндіріп алушы немесе борышкер, aisoip.adilet.gov...

    Сұрақ

    Алимент бойынша берешек қалай есептеледі?

    Жауап

    Егер борышкер ресми түрде жұмыс істесе, берешек оның жалақысы негізінде есептеледі. Егер борышкер жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек орташа айлық жалақы мөлшеріне қарай есептеледі.

    Сұрақ

    Сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген бе?

    Жауап

    Иә. Борышкер сот актісін немесе атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауаптылық көзделген. Осы бапқа сәйкес: жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20 сағатқа де...

    Сұрақ

    Әкімшілік жауаптылыққа бір рет тартылған адам сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартылуы мүмкін бе?

    Жауап

    Жоқ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12-бабына сәйкес, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.

    Сұрақ

    Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындауына кедергі келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

    Жауап

    Иә. Егер жеке немесе заңды тұлғалар сот орындаушысының немесе сот приставының атқарушылық әрекеттерді (түгендеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жүзеге асыруына кедергі келтірсе немесе оның заңды талаптарын орындаудан бас тартса: жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсетк...

    Сұрақ

    Неліктен банк шотыма тыйым салынғанын тек бұғатталғаннан кейін білдім?

    Жауап

    Шотқа тыйым салу екінші деңгейдегі банктер мен ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта жедел түрде қолданылуы мүмкін. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылмайды.

    Сұрақ

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен қалай шығарылуға болады?

    Жауап

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен (ББТ) шығарылу үшін атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттемелер толық орындалуы тиіс. Сондай-ақ, атқарушылық құжаттың күші жойылғанда немесе оны мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі өткен жағдайда заңнамада көзделген негіздер бойынша ББТ-дан шығ...

    Сұрақ

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді кім және қандай мерзімде алып тастайды?

    Жауап

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді алып тастауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – Әділет департаменттері үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады

    Сұрақ

    Алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге қатысты сот орындаушысы мынадай мәжбүрлеп орындату шараларын қолданады: Мүлікке, оның ішінде ақшалай қаражатқа және банк шоттарына тыйым салу; Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою; Жүргізуші куәлігінің және басқа да арнайы...

    Сұрақ

    Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылар құрамын қалай өзгертуге болады?

    Жауап

    Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген жағдайда, eGov.kz порталындағы тиісті қызмет арқылы электрондық хабарлама беру қажет. Ол үшін қажетті мәліметтер толтырылып, талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және хабарлама заңды тұлғ...