Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылар құрамын қалай өзгертуге болады?
Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген жағдайда, eGov.kz порталындағы тиісті қызмет арқылы электрондық хабарлама беру қажет. Ол үшін қажетті мәліметтер толтырылып, талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және хабарлама заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылады.