Ортақ шекара, ортақ жауапкершілік: Екі өңір өртпен күресуді пысықтады

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ортақ шекара, ортақ жауапкершілік: Екі өңір өртпен күресуді пысықтады

    Түркістан және Қызылорда облыстарының ТЖД өкілдері шекаралас аумақтағы табиғи өрттерге ден қою бойынша бірлескен трансшекаралық оқу-жаттығу өткізді.

    Түркістан және Қызылорда облыстары арасында трансшекаралық оқу-жаттығу өтті. Түркістан және Қызылорда облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері арасында табиғи сипаттағы өрттерге жедел ден қою бағытында ауқымды трансшекаралық командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

    Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – екі өңірдің шекаралас аумағында орын алуы ықтимал дала және орман өрттері кезінде күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, жедел ақпарат алмасу тәртібін пысықтау және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру.

    Қабылданған тактикалық сценарийге сәйкес, шекара маңындағы құрғақ өсімдіктердің жануынан ошақ пайда болып, өрттің көршілес өңірдің аумағына қауіп төндіруі сценарий негізіне алынды. Осыған байланысты екі облыстың жедел штабтары өзара үйлесімді әрекет етіп, қажетті күштер мен арнайы техникаларды шұғыл жұмылдыру, тұрақты байланыс орнату және шартты өртті оқшаулау бойынша практиклық іс-қимылдарды жоғары деңгейде пысықтап шықты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары