
Павлодар қаласы күніне орай 800-ге жуық қатысушыны жинаған «Pavlodar Ertis Half Marathon» жартылай марафоны өтті. Жарысқа тәжірибелі спортшылар мен кәсіби спортшылар, жүгіруді сүйетіндер, Қазақстанның түрлі қалаларынан келген қонақтар, сондай-ақ ақыл-ой күшін, мақсатқа ұмтылысын және белсенді өмір салтын ұстануын көрсеткен мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысты.
Жарысқа спортшылар қатарында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау бастамасын қолдаған Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қатысты. Олар 5 және 10 шақырым қашықтықты ойдағыдай еңсерді, ал мәреде командалық бірлікті, рух күшін және салауатты өмір салты қағидаттарына адалдықты көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің туын ашты.









