
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану, сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді. Мамандар тұрғындарды электр құралдарын қауіпсіз пайдалануға, балаларды қараусыз қалдырмауға және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
Жамбыл облысы ТЖД









