Зорлық-зомбылықсыз отбасы – өзара құрметтен басталады

    Зорлық-зомбылықсыз отбасы – өзара құрметтен басталады

    Жетісу облысы полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Отбасын сақтау. Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты әлеуметтік бейнероликті таныстырды.

    Бейнероликті дайындауға Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері, танымал блогер Ринат Хамзин, психологтер, сондай-ақ ОСИ/ПИК өкілдері қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – отбасы өзара құрметке, сенімге және сыйластыққа негізделуі тиіс екенін, ал зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қоғамда орын жоқ екенін жеткізу.

    Бейнероликте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы полиция қызметкерлері мен сала мамандарының бірлескен жұмысы көрсетілген. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтардың уақытылы көмекке жүгінуінің маңыздылығы айқын көрініс табады.

    Жетісу облысының полиция департаменті азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса, дереу полицияға немесе тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Уақытылы көрсетілген көмек адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, отбасының амандығын қорғауға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары