Қала әкімі тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады

    Тараз қаласының әкімдігі·
    Қала әкімі тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

    Қабылдау барысында Әйтеке би көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, тұрғын үй, жер, Қыз Жібек көшесі, №17 үйді жарықтандыру, аталған мекенжайға газ кіргізу, «Ұлы Дала» шағын ауданы, №81 үйдің кәріз жүйесін реттеу, қураған ағаштарды кесу мәселелері көтерілді.

    Сонымен қатар тұрғындар Байтасов пен Пушкин көшелерінің қиылысына және Байтасов пен Асқаров көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағын салу, Қажымұқан көшесі 4-бұрылысын асфальттау секілді әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді де алға тартты.

    Шаһар басшысы өз кезегінде барлық мәселе назардан тыс қалмай, заң аясында жоспарға сай шешімін табатынын атап айтты.

    Еске сала кетсек, тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары