
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы үлескілерді көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Мектеп ауласын абаттандыру – тек тазалық сақтау немесе ағаш отырғызу ғана емес. Бұл – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке баулитын маңызды тәрбиелік жұмыс. Жас ұрпақ өз қолымен көшет отырғызып, бақша күтіп, табиғатты аялаудың маңызын іс жүзінде меңгеруде.
Жазғы тәжірибе барысында оқушылар мектеп жанындағы үлескіде еңбек етіп, алғашқы өнімдерін де жинап жатыр. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жерге деген жауапкершілік пен қамқорлық арта түседі.







