Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті

    Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті

    Астана, 2026 жылғы 29 шілде - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесуі өтті.

    Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады.

    Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары