«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ АУДАН ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

    28 қазан күні 8–11-сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушылардың республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау қатысушылары шешендік өнер және сөз сайысы, көркемсөз оқу өнері, эссе және әдеби ойлау, ұлттық аспапта орындау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы бағыттары бойынша бақ сынады.

    Облыстық кезеңге Бөрлі ауданынан қатысқан 5 оқушының 4-еуі жүлделі орындарға ие болып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен өнердегі шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

    Байқау қорытындысы бойынша:

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы:
    І орын – Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушысыОразкелдиев Заманбек.

    «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы:
    ІІІ орын – Ақсай қаласының №1 ЖОББМ оқушысы Кәкім Бекарыс.

    «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы:
    ІІ орын – Кеңтүбек ЖОББМ оқушысы Ганиева Ботагоз (жетекшісі – Хабиева Гүлжанат Манатовна).

    «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы:
    ІІ орын – Ақсай қаласының №9 ЖОББМ оқушысы Аблаева Динара (жетекшісі – Қармысов Асылхан Абзалұлы).

    Жүлдегер оқушыларды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жас таланттарға шығармашылық шабыт, толағай табыс және алдағы байқауларда жаңа жеңістер тілейміз. Өнерлі өрендеріміздің жетістіктері артып, ауданымыздың абыройын асқақтата берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары