БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ — ЖҮЛДЕГЕР!

    1 / 2

    27 қазан күні Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының базасында математика пәні мұғалімдері арасында «Математикалық регата» облыстық байқауы өтті. Сайыста фкәсіби біліктіліктері мен математикалық білімдерін, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық ізденістерін сынға салған Бөрлі ауданының «Матрица» командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.

    Команда құрамында:

    * Кенисариева Раушан Ғаділбекқызы — Ақсай қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі;
    *Авраев Ержан Мұқтубаевич — Ақбұлақ мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің мұғалімі;
    * Кадырханова Марина Александровна — Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі;
    * Наурзбекова Алмагүл Сергеевна — Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің мұғалімі.

    Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, кәсіби шеберліктеріңізді шыңдай беріңіздер!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары