Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылармен профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында Приуральный полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Т. М. Шаграевтың, Бәйтерек ауданының № 2 пробация қызметінің инспекторы А. Қалыбекованың, білім бөлімінің әлеуметтік педагогінің және аудандық аурухананың психологының қатысуымен бірлескен рейд өткізілді.
Рейд барысында отбасылардың тұрғылықты мекенжайлары араланып, балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне қатысты мәселелер тексерілді. Сонымен қатар заңды өкілдермен ата-аналық міндеттерді тиісінше орындаудың және кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Отбасылардың біріне бару барысында заңды өкілдің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталды. Аталған факті бойынша заңды өкіл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар аталған тұлғаның пробация қызметінің есебінде тұрғаны анықталды.
Мұндай іс-шаралар ерекше назар аударуды қажет ететін отбасыларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Балаларға қамқорлық жасау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету – баршамызға ортақ жауапкершілік!









