2026 жылғы 19 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында сотталғандар үшін ел тарихына арналған деректі фильм көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың Қазақстанның тарихи жолы туралы білімдерін жаңарту, тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру және патриоттық сезімдерді нығайту болды.
Деректі фильмді көру қатысушыларға Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдерін, маңызды тарихи оқиғаларды және еліміздің бай мұрасын еске түсіруге мүмкіндік берді.
Мұндай тәрбиелік және танымдық іс-шаралар сотталғандардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, отан тарихына құрмет қалыптастыруға және қоғамға оралуға дайындалуға ықпал етеді.
Республика күні-қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи жолын еске салатын маңызды мемлекеттік мереке. Мұндай іс-шараларды өткізу ұлттық сананы нығайтуға және өз елінің тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған.








