Бүгін №27 мекеменің өндірістік аймағына «Урал-Каспий» ЖК кәсіпкері келді. Кәсіпкер өндірістік қызметін кеңейтіп, мекеменің өндірістік аймағында жаңа өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытты.
Кездесу барысында кәсіпкерге мекеменің өндірістік аймағы таныстырылып, қолда бар өндірістік алаңдар мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктер көрсетілді.
Атап айтқанда, жаңа өндірісті орналастыру үшін кәсіпкерге ауданы 400 шаршы метрді құрайтын бос өндірістік ангар ұсынылды.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастық перспективалары, өндірістік қызметтің ықтимал бағыттары және сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері талқыланды.
Мұндай бастамаларды іске асыру өндірістік аймақтың әлеуетін арттырып қана қоймай, сотталғандарды жұмыспен қамту деңгейін көтеруге, олардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.
Жаңа өндіріс орындарын ашу – жаңа жұмыс орындары, кәсіби дағдылар және сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің нақты мүмкіндігі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









