Агенттік фишингтік сайттарға өту тәуекелдері туралы ескертеді

    ҚазақстанРеспубликасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға фишингтік сайттардың қауіптілігі туралы ескертеді және электрондық пошта мен мессенджерлерде алынған сілтемелер бойынша өту кезінде сақ болуға шақырады.

    Пайдаланушылардыңназарын аудару үшін алаяқтаркликбейттікдепаталатын тақырыптарды пайдаланады – сілтемені басуға итермелейтін сенсациялық, арандатушылық немесе тым тартымды ұсыныстары бар хабарламалар. Мысалы:«Текбүгінғана! iPhone жарты бағамен, тек... жасауыңыз керек»,«Сіз бұған сенбейсіз!Жаңа жылдың құрметіне сыйлықтар таратылуда!»,«Бұлсенсация! Егер сіз түнде...ішсеңіз, тұмау да, коронавирус та қорқынышты болмайды».

    Мұндайхабарламалар электрондық пошта арқылы және жұмыс істемейтін ұйымдардың, интернет-дүкендердің және басқа компаниялардың атынан әртүрлімессенджерлер арқылы таратылуы мүмкін.

    Соныменқатар, алаяқтар бейнематериалдары бар хабарламаларды қолдана алады, оларды көру үшін пайдаланушыға арнайы қосымшаны орнату ұсынылады. Мұндай қосымшаны жүктеу зиянды бағдарламалыққамтылымдыорнатуғаәкелуі мүмкін. Нәтижесіндеалаяқтардербесдеректергеқол жеткізе алады, ал кейбір жағдайларда құрылғыны қашықтан басқару мүмкіндігіне ие болады .

    Фишингтіксілтемеге өту кезінде не болады?

    Сілтемебойынша өткеннен кейін пайдаланушы фишингтік сайтқа кіруі мүмкін,ол түпнұсқа ресурсты – мысалы, жаңалықтар порталы, интернет-дүкен немесе басқа танымал интернет-сервисті сырттай қайталайды.

    Жалғанбетте пайдаланушыдан дербес, банктік немесе т өлем деректерін енгізу сұралуы мүмкін. Егер мұндай ақпарат енгізілсе, оларды алаяқтар алып, ақша ұрлау үшін пайдалануы мүмкін .

    Алаяқтық кликбейтті қалай тануға болады?

    Мынадай белгілерге назар аудару қажет:

    - парақша ұзақ жүктеледі, содан кейін басқа сайтқа қайта бағыттау жүреді;

    - сілтеме бойынша өткеннен кейін пайдаланушыға файлды жүктеп алу немесе қосымшаны орнату ұсынылады;

    - парақшаның мазмұны пайдаланушы өтуге ниеттенген ресурсқа сәйкес келмейді;

    - уәде етілген сыйлықты, жеңілдікті немесе өзге де пайданы алу үшін банктік немесе дербес деректер сұратылады.

    Маңызды:егер Сіз осындай белгілерге тап болсаңыз, қосымшаны дереу жабыңыз, ештеңе жүктемеңіз және сұратылған деректерді енгізбеңіз.

    Өз құрылғыларыңызды қалай қорғауға болады?

    Агенттік:

    - құрылғы баптауларында бөгде көздерден қосымшаларды орнатуға тыйым салуды;

    - вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылым орнатуды, оны тұрақты түрде жаңартып отыру және құрылғыны тексеру үшін пайдалануды;

    - жарнамалық және күмәнді контентті бұғаттайтын браузер кеңейтімдерін, оның ішінде AdBlock, uBlock Origin, Ghostery, AdGuard және басқаларды пайдалануды;

    - күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді және дербес немесе банктік деректерді енгізер алдында сайттың мекенжайын тексеруді;

    - қосымшаларды тек ресми қосымшалар дүкендерінен ғана жүктеп алуды ұсынады.

    Есіңізде болсын:әдеттен тыс тиімді ұсыныс, шұғыл және сілтеме бойынша өту немесе бірдеңе жүктеп алу туралы талап – ерекше сақтық танытуға себеп.

    Барынша көп пайдалы материалFingramota.kz сайтында қолжетімді.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары