«КЭММ-2030» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

    1 / 4

    «КЭММ-2030» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ Бүгін Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов «КЭММ-2030» ЖШС кәсіпорнына барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Кәсіпорын металл өңдеу, өндірістік жабдықтар мен металл конструкцияларын өндіру бағытында жұмыс істейді. Атап айтқанда, кәсіпорында: * Тасымалдау және орау контейнерлері (ТУК 44/8, ТУК-118); * Жылу алмастырғыш аппараттар мен құбыр шоғырлары; * Әртүрлі сыйымдылықтар мен технологиялық жабдықтар; * Ұңғымаларға арналған құрылғылар; * Тот баспайтын болаттан, қара металдан және ПНД-дан жасалған фитингтер; * Құю өндірісінің өнімдері; * Металл конструкциялары мен тапсырыс бойынша дайындалатын металл бұйымдары өндіріледі. Сонымен қатар кәсіпорын құрылыс-монтаж жұмыстарын да жүзеге асырады. Кездесу барысында басқарма басшысы кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымымен, технологиялық процестерімен, өнім өндіру кезеңдерімен және өндірістік әлеуетімен танысты. Мұндай кездесулер жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін зерделеп, отандық өндірісті дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ" жаңалықтары