Отбасын қолдау

    1 / 3

    11.11.2026жылы БҚО Орал қаласы Отбасын қолдау орталығы Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар аясындаматериалдық көмекке мұқтаж сотталғандарға азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды. Мұндай қайырымдылық шараларының әлеуметтік маңызы зор. Себебі бұл бастама тек материалдық көмек көрсетумен шектелмей, түзелу жолына түсіп, қоғамға қайта бейімделуге ұмтылған азаматтарға жан-жақты қолдау білдіруді, оларға қамқорлық пен көңіл бөлуді көздейді.

    Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – сотталғандардың мінез-құлқына бақылау жүргізумен қатар, олардың қоғамға бейімделуіне, қайта әлеуметтенуіне, әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу және қайталап құқық бұзушылық жасаумауының алдын алу.

    Осындай игі бастамалар сотталғандардың қоғам тарапынан қолдау бар екенін сезінуіне, өз күшіне деген сенімін арттыруға және өмірлерін оң бағытта өзгертуге ынталандыруға мүмкіндік береді.

    Пробация қызметі мұқтаж сотталғандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасына атсалысқан Отбасын қолдау орталығына және Зашаған кенті имамына шынайы алғысын білдіреді.

    Өйткені қоғамның қолдауы мен жанашырлығы – түзелу жолындағы және жаңа өмірге бастайтын маңызды қадам.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары