Бүгін №27 мекемеге «Дәстүр» ЖК өкілдері келді. РМК «Еңбек-Жайық» директорының орынбасарымен бірлесіп, қонақтарға мекеменің өндірістік аймағы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Сапар барысында жұмыс істеп тұрған өндірістік учаскелер, сондай-ақ кәсіпкерлерге өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін тегін жалға беруге ұсынылатын бос үй-жайлар көрсетілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — кәсіпкерлерді тарту, мекеменің өндірістік әлеуетін дамыту және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру.
Кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылым мен еңбек ресурстарын пайдалана отырып, өз өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға және сотталғандарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. №27 мекеме РМК «Еңбек-Жайықпен» бірлесіп, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа өндірістік жобаларды іске асыруға мүдделі.
Бизнес үшін жағдай жасаймыз — сотталғандардың еңбекпен қамтылуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз.








