Орал қалалық пробация қызметі «Орал» спорт клубымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, азаматтар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру және олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ футбол спортына деген қызығушылықтарын арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар медальдармен және грамоталармен марапатталды.








