Павлодар облысының 2026 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

    ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

    Өнеркәсіп өніміөндірісінің көлемі – 3 287,6 млрд. теңге.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңгеқарағанда 108,0%.

    Ауыл шаруашылығыжалпы өнімінің көлемі 378,7 млрд. теңгені құрады.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 106,8%.

    соның ішінде: мал шаруашылығы – 161,8млрд. теңге (НКИ – 101,0%), өсімдік шаруашылығы – 214,6млрд. теңге (НКИ – 111,0%),

    74,4мың тонна (102,4%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 196,4мың тонна (97,6%) – сүт, 155,1 млн. дана (104,6%) - жұмыртқа өндірілді.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі430,5 млрд. теңгені құрады.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 118,8%.

    Барлық көздер есебінен 265,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

    Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,3%.

    Негізгі капиталға салынатын инвестициялар961,4 млрд. теңгені құрады.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,8%.

    Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 60,5 млрд. теңге(6,3%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 770,4млрд. теңге (80,1%), банк кредиттері – 25,5 млрд. теңге (2,6%), басқа қарыз қаражаты – 105,0 млрд. теңге (10,9%).

    Шағын және орта кәсіпкерлік саласындақолданыстағы субъектілер саны 54,3 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 94,8%-ды құрады.

    2026 жылғы 1 сәуіргеШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 413,1 млрд. теңгені (85,7%), жұмыспен қамтылғандар саны – 126,5 мың адам. (91,5%) құрады.

    Сыртқы сауда айналымы2026 жылғы қаңтар-тамыз ішінде (ЕАЭО-ны қоса алғанда 3 858,млн. АҚШ долларын немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 110,6% құрады.

    Соның ішіндетауарлар экспорты – 2 949,1 млн. АҚШ доллары (ұлғаюы -19,9%), импорт – 909,3млн. АҚШ доллары (төмендеуі 5,8%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң– 2 039,8млн. АҚШ доллары.

    2026 жылғы қаңтар-қыркүйек ішіндеоблыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 54,8 млн. тоннаны (97,5%), жүк тасымалы айналымы – 21,7 млрд. тонна шақырымды(88,0%), жолаушы айналымы 3,2%-ға азайды.

    2026 жылғы қаңтар-қыркүйек ішіндебайланыс қызметінен түскен кіріс 15 053,7 млн. теңгені құрады(2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 96,5%).

    2026 жылғы шілдеде тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 105,0%,соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 103,7%, азық-түлік емес тауарларға – 106,4%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 105,3%.

    2025 жылғы қаңтар-шілдеішінде мемлекеттік бюджетке 784,9 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 63,7% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 412,7 млрд. теңге(кезең жоспарға қарағанда 67,0%), жергілікті бюджетке 372,2 млрд. теңге(кезең жоспарға қарағанда 60,3)түсті.

    ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

    2026 жылғы 2-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,8%.

    2026 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 449,5 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 10,8%-ға жоғары.

    Әлеуметтік салаға 358,1 млрд.теңге бөлінді(облыс бюджетінің 50,2%), соның ішінде білім беруге – 240,7 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 19,4 млрд.теңге.

    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,0%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" жаңалықтары