ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 2 185,0 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105,8%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 110,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,6%.
соның ішінде: мал шаруашылығы – 103,0 млрд. теңге (НКИ – 104,9%), өсімдік шаруашылығы – 5,8 млрд. теңге (НКИ – 102,1%),
49,1 мың тонна (108,9%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 120,5 мың тонна (96,3%) – сүт, 99,4 млн. дана (16,8%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 193,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 129,6%.
Барлық көздер есебінен 166,2 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,2%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 516,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 109,8%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 28,3 млрд. теңге (5,5%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 426,6 млрд. теңге (82,7%), банк кредиттері – 13,2 млрд. теңге (2,6%), басқа қарыз қаражаты – 47,7 млрд. теңге (9,2%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қолданыстағы субъектілер саны 54,0 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 95,4%-ды құрады.
2026 жылғы 1 қаңтарға ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 2 406,9 млрд. теңгені (111,5%), жұмыспен қамтылғандар саны - 141,7 мың адам. (97,0%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-мамыр ішінде (ЕАЭО-ны қоса алғанда 2406,5 млн. АҚШ долларын немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 110,6% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 1914,4 млн. АҚШ доллары (ұлғаюы -22,1%), импорт – 492,2 млн. АҚШ доллары (төмендеуі 19,1%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 1 422,2 млн. АҚШ доллары.
2026 жылғы қаңтар-маусым ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 36,7 млн. тоннаны (2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде 100,6%), жүк тасымалы айналымы – 15,1 млрд. тонна шақырымды (93,5%), жолаушы айналымы 3,7%-ға азайды.
2026 жылғы қаңтар-маусым ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 10 426,1 млн. теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде 93,9%).
2026 жылғы маусымда тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,3%, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 104,2%, азық-түлік емес тауарларға – 104,6%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 104,2%.
2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде мемлекеттік бюджетке 524,1 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 41,3% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 227,0 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 45,0%), жергілікті бюджетке 247,1 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 37,9) түсті.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2026 жылғы 1-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.
2026 жылғы қаңтар-наурыз ішінде орташа айлық номиналды жалақы 448,9 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,4%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 355,9 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 50,7%), соның ішінде білім беруге – 237,1 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 19,6 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,0%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.




