Павлодар облысының 2026 жылғы қаңтар-қазан ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

    ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

    Өнеркәсіп өнімдерінөндіру көлемі – 3 664,7 млрд. теңге.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,2%.

    Ауыл шаруашылығыныңжалпы өнім көлемі 479,5 млрд. теңгені құрады.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,5%.

    оның ішінде: мал шаруашылығы – 180,8 млрд теңге (НКИ – 101,3%), өсімдік шаруашылығы – 296,1 млрд теңге (НКИ – 112,7%).

    Ет өндіру (тірі салмақта) – 85,6 мың тонна (102,7%), сүт – 216,1 мың тонна (98,0%), жұмыртқа – 171,2 млн. дана (104,0%).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі492,5 млрд. теңгені құрады.
    Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,8%.

    Барлық қаржыландыру көздері есебінен 311,0 мың шаршы метртұрғын үйпайдалануға берілді.Өсу қарқыны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7% құрады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар1 262,5 млрд. теңгені құрады.

    Нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,4%.

    Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 67,7 млрд. теңге (5,3%), кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 1 047,4 млрд. теңге (83,0%), банк кредиттері – 36,0 млрд. теңге (2,9%), басқа да қарыз қаражаттары – 111,3 млрд. теңге (8,8%).

    Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны54,3 мың бірлікті құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,9%.

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК өндірген өнім, тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемі 1 020,4 млрд теңгені (100,4%), жұмыспен қамтылғандар саны 126,5 мың адамды (92,2%) құрады.

    Сыртқы сауда айналымы2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында(ЕЭО-ны қоса алғанда)4 417,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,9%.

    Оның ішінде тауарлар экспорты – 3 357,3 млн. АҚШ доллары (18,4%-ға өсу), импорт – 1 059,8 млн. АҚШ доллары (1,4%-ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының оң сальдосы – 2 297,5 млн. АҚШ доллары.

    2026 жылғы қаңтар-қазан айларында облыс көлігіменжүк тасымалдау көлемі61,0 млн. тоннаны(96,8%)құрады,жүк айналымы– 23,9 млрд. ткм(86,7%),жолаушылар айналымы3,0%-ға төмендеді.

    Байланыс қызметтерінентүскен кіріс 2026 жылғы қаңтар-қазан айларында 16 845,4 млн. теңгені құрады(2025 жылғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 97,0%).

    Тұтыну бағаларының индексі2026 жылғы қазан айында 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,4%-ды құрады,оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 103,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 107,4%, ақылы қызметтер бойынша – 105,1%.

    2026 жылғы қаңтар-қазан айларындамемлекеттік бюджетке846,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспардың 71,4%-ын құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке 433,4 млрд. теңге(кезең жоспарының 77%-ы),жергілікті бюджетке 413,2 млрд. теңге(кезең жоспарының 66,3%-ы)түсті.

    ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

    2026 жылғы 3-тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы орташа айлық атаулы жалақы 449,6 мың теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.

    Әлеуметтік салаға 358,1 млрд. теңге бөлінді(облыс бюджетінің 50,2%-ы),оның ішінде білім беруге – 240,7 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 19,4 млрд. теңге.

    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту деңгейі 85,6%, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 100%-ды құрайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" жаңалықтары