Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

    1 / 4

    Бөрлі аудандық пробация қызметінің инспекторлары есепте тұрған сотталған азаматтардың мінез-құлқын бақылау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

    Іс-шаралар барысында сотталған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, сот жүктеген міндеттер мен шектеулердің сақталуы бақыланады. Сонымен қатар электрондық бақылау құралдарының (ЭСС) жұмыс істеуі тексеріліп, «Цифрлық пробация» жүйесі және «Мобильді прокуратура» мобильді қосымшасы арқылы мониторинг жүргізіледі.

    Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтарға тиісті бақылау орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Профилактикалық іс-шараларды Бөрлі аудандық пробация қызметінің инспекторлары жүргізуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары