Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

    Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
    Бүгін, 29 шілдеде, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты А.Қамбарова азаматтарды қабылдады.
    Қабылдауға «Томирис» жалғызбасты аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысып, жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке дайындалуға материалдық көмек көрсету мәселесін көтерді.
    Кездесу барысында өтініш иелерінің ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселе жан-жақты талқыланды. Депутат көтерілген мәселені зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
    Қонаев қаласының мәслихаты азаматтардың өтініштері мен әлеуметтік маңызы бар мәселелерін тұрақты назарда ұстап, тұрғындармен ашық диалог жүргізуді жалғастырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қонаев қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары