
Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп Талас өзенінде арнайы жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – суға шомылуға тыйым салынған және адам өміріне қауіп төндіретін учаскелерді анықтау, сондай-ақ қауіпті аймақтарды зерделеу болды.
Зерделеу барысында мамандар өзен жағалауының жай-күйін бағалап, проблемалық учаскелерді анықтады және судағы адам өлімінің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелерін талқылады.









