ПРЕСС РЕЛИЗ

    ·
    ПРЕСС РЕЛИЗ

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдеде өткен отырысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталды ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды пайдалануын бағалау бойынша жүргізілген сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындысы шығарылды.

    Аудитпен уәкілетті жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде облыстық деңгейдегі 3 басқарма, сондай-ақ қалалар мен аудандардың қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері қамтылды.

    Сараптамалық — талдау іс-шарасымен 2024-2025 жылдар кезеңі қамтылды. Жүргізілген сараптамалық-талдамалық іс-шара шеңберінде жарғылық капиталды толықтыру үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген 12 629 417,2 мың теңгенің қаражаты қамтылды.

    Іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы қаражат бөлу облыстық мәслихаттың шешімдері, қаржы-экономикалық негіздемелер және оң экономикалық қорытындылар негізінде жүзеге асырылғаны атап көрсетілді, бұл облыстық деңгейде бюджеттік шешімдер қабылдаудың ресми рәсімдерінің сақталғанын көрсетеді.

    Бюджеттік инвестицияларды пайдалану кәсіпорындардың жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді және негізінен мақсатты болып табылады.

    Сонымен қатар, "Шығыс Жылу" АҚ, "Ертіс "ӘКК" АҚ, Күршім ауданы әкімдігінің "Күршім" КМК қызметіне байланысты жекелеген тәуекелдер анықталды.

    Отырыс қорытындысы бойынша сараптамалық — талдау іс-шарасының қорытындысын облыстың, қалалар мен аудандардың қамтылған жергілікті атқарушы органдарына қарау үшін жіберу, сондай-ақ оның нәтижелерін
    2027 жылға арналған аудиторлық іс-шаралар тізбесін қалыптастыру кезінде пайдалану туралы ұсынымдар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары