
Тексеру комиссиясының 2026 жылғы 29 қыркүйекте өткен отырысында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Аудиторлық іс-шарамен 3 аудит объектісі және 6,3 млрд.теңгеден астам қаражат қамтылды.
Облыстың денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымның жаңартылғаны және медициналық қызметтер сапасының артқаны байқалады. Сонымен қатар, кадр тапшылығы, ресурстарды біркелкі бөлу қажеттілігі, сондай-ақ қаражатты пайдалану және медициналық ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру сияқты жүйелі проблемалар сақталып отыр.
Аудит нәтижелері бюджеттік және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар тиімділігінің жеткілікті еместігін көрсетті. Бюджет, салық, бухгалтерлік және өзге де заңнама саласындағы бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік активтер мен қаржы ресурстарын басқарудағы кемшіліктер анықталды.
Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 222 203,6 мың теңгені немесе қамтылған қаражат пен мемлекет активтері көлемінің 19,13%-н құрады, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар сомасы 18 772,7 мың теңге, оның
16 014,4 мың теңгегі өтелуге, 2 758,3 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады; - сомасы 794 559,4 мың теңгенің мемлекет активтері тиімсіз пайдаланылған;
- сомасы 408 871,5 мың теңгенің қаражаты тиімсіз жоспарланған;
- 26 бірлік рәсімдік бұзушылық пен 16 жүйелік кемшілік, сондай-ақ
570 750,9 мың теңге соманың ықтимал шығындары мен жоғалған пайда анықталды.
Қаржылық бұзушылықтар кәсіпорын қызметінде өзіне тиесілі емес ақшалай қаражатты (активтерді) пайдалануымен байланысты, бұл негізсіз кірістер алуға, сондай-ақ негізсіз ынталандыру төлемдеріне, еңбекақы төлеу саласындағы талаптарды сақтамауға, іссапар шығындары бойынша артық төлемдерге және шарттық міндеттемелерді бұзуға алып келді.
Сонымен қатар, кәсіпорынның қызметі мен дамуына әсер ететін бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау мен пайдаланудағы кемшіліктер анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар бойынша ақпарат әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар беріліп, бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқамалар шығарылды.
https://web.whatsapp.com/#:~:text=https%3A%2F%2Fyoutube%2Ecom,10





