
Тексеру комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйекте өткен отырысында Зайсан ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік активтерді және бюджет қаражатын басқаруына, оның ішінде 4-деңгейдегі бюджетті пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Қамтылған жалпы сомасы 3 814 939,3 мың теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының заңнамасын жалпы сомасы 895 458,4 мың теңгенің немесе 23,5 % бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар сомасы 686 501,6 мың теңге (677 003,1 мың теңге қалпына келтіруге, бюджетке 9 498,5 мың теңге өтеуге жатады),
- тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты – 65 746,9 мың теңге,
- тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері –143 209,9 мың теңге.
Бұдан басқа, жүргізілген аудиторлық іс-шарамен 76 рәсімдік бұзушылық және 12 жүйелік кемшілік анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.
Аудит материалдары құзыреті шеңберінде қарау үшін «Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне» ММ, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет — құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-ге берілді.






