БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы
    2026 жылғы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында 2023-2026 жылдардағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың аралық бағалауына Жоғары аудиторлық палатамен қатар жүргізілген аудиттің қорытындыларын қарады.

    Ұлттық жобаның мақсаты бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, аудандық медициналық ұйымдарды жаңарту және олардың кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін нығайту арқылы ауыл халқына көрсетілетін медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру.

    Жоба шеңберінде облыста Алтай ауданы Тұрғысын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны қоспағанда, 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы қарастырылған, оның ішінде аудит жүргізу кезінде
    35-і пайдалануға берілген.

    Алтай ауданының ауданаралық ауруханасын жаңарту шеңберінде бейінді бөлімшелерге күрделі жөндеу жүргізілді, заманауи диагностикалық, хирургиялық, реанимациялық және өзге де медициналық жабдықтар сатып алынды. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін қолжетімді мамандандырылған медициналық қызметтердің тізбесі кеңейтілді. Бұл ретте сатып алынған магнитті-резонанстық томограф аудит кезінде қажетті инфрақұрылымды енгізуге байланысты рәсімдердің аяқталмауына байланысты пайдаланылмай тұрды.

    Кадрлармен қамтамасыз ету бөлігінде оң динамика байқалады: дәрігерлік бос орындар санының азайғаны байқалады, ал жаңадан енгізілген БМСК объектілерінің жасақталуы 94%-ға жетті. Сонымен қатар, жекелеген медициналық ұйымдарда бос лауазымдар толық сақталуда.

    Жалпы облыста Ұлттық жобаны іске асыру елеулі инфрақұрылымдық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз етті, ауыл халқына мамандандырылған медициналық көмектің бастапқы және жекелеген түрлерінің қолжетімділігін арттырды. Сонымен бірге анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін шектейді және жобаның күтілетін нәтижелеріне толық қол жеткізуге кедергі келтіреді.

    Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асыруды, құрылыс сапасын, объектілер мен жабдықтарды уақытылы пайдалануға беруді, кадрлармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануға, Ұлттық жобамен көзделген белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бақылауды күшейтуге бағытталған ұсынымдар мен нұсқамалар берді.

    https://altainews.kz/kz/rubriki/densauly/65034-auyl-medicinasyna-blingen-arazhat-pen-ntizhe-sho-da-audit-ne-krsetti.html

    https://altainews.kz/ru/novosti/72179-v-vko-proverili-kak-realizuetsja-proekt-modernizacii-selskogo-zdravoohranenija.html

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары