Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Шахтинск тұрғындары жол жөндеу, абаттандыру және аурухана жұмысына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Кездесу ашық микрофон форматында өтіп, оған қатысқан әрбір тұрғын көкейіндегі мәселесін көтерді. Облыс әкімі қалада оңалту орталығының қашан ашылатынын және газдандыру жұмыстары қалай жүргізілетінін айтып берді.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    — Қала тұрғындарын толғандырған мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Соның ең бастысы – жылумен жабдықтау сапасын жақсартып, қысқы маусымды тұрақты өткізу. Жылыту маусымына дайындық тұрақты бақылауда. Сіздермен кездесудің алдында Шахтинск жылу электр орталығында болып, онда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен таныстым. Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылым да жаңартылуда. Шахтинск қаласында ұзындығы шамамен 50 шақырым болатын су құбыры желілерін реконструкциялау аяқталуға жақын. Ал Новодолинский кентінде жаңа су құбырының құрылысы жалғасып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Өңір басшысы Шахтинск қаласында кәріз-тазарту құрылыстарын салуды қаржыландыру көздерін айқындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын да хабарлады.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Қаланы кезең-кезеңімен газдандыру жалғасуда. Ал көгілдір отынды Шахан кентіне жеткізу үшін жеке жоба әзірлеу қажет.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Шахтинскіде жаңа тұрғын үйлер жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынып жатыр.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Қала тұрғындары Шахтинскіде оңалту орталығын ашу мәселесін көтерді. Бұл мәселе ауруханаға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар шешілуде.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Сонымен қатар аутизмі бар балаларға арналған орталық ашу туралы шешім қабылданды. Онда бейінді мамандар қызмет көрсетеді.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков қаланың даму барысы туралы баяндады.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Оның айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жеті балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Бұдан бөлек, кенттерде тағы он екі ойын алаңы жөнделіп жатыр. Сондай-ақ футбол алаңдарын жаңарту жұмыстары жалғасуда.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Биыл Шахтинск қаласында қосымша 336 көше жарығының тірегі орнатылады. Осыдан кейін қалада жарықтандырылмаған көшелер қалмайды.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселе бойынша Ермағанбет Бөлекпаев жауапты тұлғаларға сол жерде нақты тапсырмалар берді. Қалған өтініштер жан-жақты пысықталатын болады.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Ашық диалогтан кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелерін қарады.

    Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары