
Тағамнан уланудың алдын алу – балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудағы ең маңызды міндеттердің бірі. Қауіпсіз тамақтану балалардың денсаулығын сақтауға, иммунитетін нығайтуға және олардың сапалы демалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Балалардың сауықтыру ұйымдарында тағамнан уланудың алдын алу үшін мынадай талаптарды сақтау қажет:
- Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын қатаң сақтау;
- Тоңазытқыш жабдықтарында қажетті температуралық режимді қамтамасыз ету;
- Тағамдарды дайындау технологиясын сақтау және ет, балық, жұмыртқа мен басқа да өнімдерді жеткілікті термиялық өңдеуден өткізу;
- Шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауға жол бермеу;
- Өнімдердің әр түрін өңдеуге арналған жеке құрал-саймандарды пайдалану;
- Өндірістік үй-жайларда күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
- Тамақтану блогын жуу және дезинфекциялау құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз ету;
- Асхананың барлық үй-жайларын, жабдықтары мен құрал-саймандарын таза ұстау, қызметкерлерді арнайы санитариялық киіммен қамтамасыз ету және олардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауын бақылау;
- Медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
- Шикізат пен азық-түлік өнімдерін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттары болған жағдайда ғана қабылдау;
- Дайын тағамнан тәуліктік сынамаларды күн сайын алып, оларды тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 °C-тан +6 °C-қа дейінгі температурада 48 сағат бойы сақтау;
- Дайындауға және өткізуге тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді пайдалануға жол бермеу;
- Тамақтану блогы қызметкерлерінің өндірістік және жеке бас гигиенасын сақтауына жағдай жасау;
- Қызметкерлердің денсаулық жағдайына күн сайын бақылау жүргізу.
Тағамнан уланудың алдын алуда балалардың жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Әрбір тамақтанар алдында қолды сабындап мұқият жуу қажет. Балаларға жатын бөлмелерде тез бұзылатын тағамдарды сақтауға, шығу тегі белгісіз немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алынған тағамдарды тұтынуға болмайды.
Тағамнан уланудың алғашқы белгілеріне жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік және жалпы сырқаттану жатады. Осындай белгілер байқалған жағдайда балалар сауықтыру ұйымының медицина қызметкеріне дереу жүгіну қажет. Уақытылы көрсетілген медициналық көмек асқынулардың алдын алып, аурудың таралуына жол бермейді.
Тағамнан уланудың алдын алуда балалардың жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Әрбір тамақтанар алдында қолды сабындап мұқият жуу қажет. Шығу тегі белгісіз өнімдерді, үй жағдайында дайындалған консервілер мен тағамдарды, сондай-ақ рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алынған азық-түлікті тұтынуға жол берілмеуі тиіс. Ата-аналарға балалар сауықтыру лагерінде болған кезеңде оларға тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін бермеу ұсынылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету және әрбір қызметкердің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы балалардың сауықтыру ұйымдарында тағамнан уланудың алдын алудың негізгі кепілі болып табылады. Тек кешенді тәсіл ғана балалардың қауіпсіз демалуына, сауықтырылуына және денсаулығын сақтауға қолайлы жағдай жасайды.
Балалардың денсаулығын қорғаңыз! Тамақтану қауіпсіздігі қағидаларын сақтау – сауықтыру ұйымдарының қызметкерлеріне, ата-аналарға және балалардың өздеріне ортақ жауапкершілік.
Шегебаева К.А. - департаменттің бас маманы









