ШҚО-да 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары басталды

    ШҚО-да 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары басталды

    ШҚО-да елдімекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған «2026 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспары» аясында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне кешенді дайындық жалғасуда.

    Биыл облыстың 11 ауданында 14 инженерлік іс-шара жоспарланған: Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Ұлан және Күршім аудандары.

    Қаржыландыру облыстық және жергілікті бюджеттерден қарастырылған.

    Жұмыстар тізбесіне елдімекендерді су тасқынынан қорғауды арттыруға бағытталған жағалауды нығайту, өзен түбін тереңдету, олардың арналарын өзгерту және басқа да инженерлік іс-шаралар кіреді. Жобаларды іске асыру жазғы-күзгі кезеңде жүзеге асырылады. Бұл ретте жұмыстардың бір бөлігі судың төмен деңгейі кезеңінде жүргізілетін болады, бұл олардың барынша тиімділігін қамтамасыз етеді.

    Бүгінде Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мұнда Бұқтырма өзенінің арнасын бұру, жағалауды нығайту және түбін тереңдету жөніндегі жобаны іске асыру жалғасуда. Қазір жұмыстар 70 %-ға орындалды.

    Өткізілетін инженерлік іс-шаралар облыстың елдімекендерін қорғау деңгейін арттыруға және 2027 жылы су тасқыны қаупінің туындау ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

    Дереккөз: ШҚО ТЖД

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары