Нысандардың өрт қауіпсіздігі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды

    ·
    Нысандардың өрт қауіпсіздігі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды

    Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтіп, азаматтық қорғау саласындағы өзекті өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

    Брифинг барысында спикерлер құрылыс, реконструкциялау және нысандарды пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытынды алу тәртібі, сондай-ақ «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қолданыстағы заңнама талаптары туралы баяндады. Сонымен қатар, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға Төтенше жағдайлар министрлігіне берілген бақылау және қадағалау функциялары, шағын көлемді кемелерді тіркеу және пайдалану талаптары, сондай-ақ«Қауіпсіздік азимуты»республикалық ақпараттық-профилактикалық акциясының негізгі мақсаттары түсіндірілді.

    Брифинг соңында Департамент қызметкерлері азаматтар мен ұйым өкілдерін заңнама талаптары мен қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырып, профилактикалық жұмыстың адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары