Кезектен тыс аттестация өткізу туралы хабарландыру
Алматы және Жетісу облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі — Қағидалар) сәйкес қызметкерлер арасында кезектен тыс аттестация өткізілетінін хабарлайды.
Аттестация өткізудің мақсаты
Алдағы тоқсанға арналған кадрлық жоспарлау шеңберінде кадрлық резервті қалыптастыру және қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну.
Құжаттарды тапсыру тәртібі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес ҚАЖД номенклатурасына енгізілген лауазымдарды атқаратын және кезектен тыс аттестациядан өтуге ниет білдірген қызметкерлер төмендегі құжаттарды ұсынады:
- белгіленген үлгідегі рапорт;
- «Документолог» ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім.
Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Департаменттің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліміне ұсынылуы тиіс.
Қатысуға қойылатын шектеулер
Кезектен тыс аттестацияға келесі қызметкерлер жіберілмейді:
1.Басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 124 бұйрығы).
ҚАЖД номенклатурасы лауазымдары үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ҚАЖД аппараты бойынша — C-SVO-8, C-SVO-9 санаттары;
- Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық бөлімшелері бойынша — C-SGU-2 санаттары.
2.Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлер.
3.Оларға қатысты қызметтік тексеру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Байланыс ақпараты
Кезектен тыс аттестация өткізу мәселелері бойынша Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліміне хабарласуға болады.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Красногорская көшесі, 73а.
Байланыс телефондары (WhatsApp):
+7 777 023 01 75
+7 705 333 34 63
+7 700 731 75 47
Кезектен тыс аттестация өткізу туралы хабарландыру
Ұқсас материалдар

Павлодар облысының тұрғындарына есірткіге қарсы сандық сервис қолжетімді болды
Ашу
Автогаз толтыру компрессорлық станциясы іске қосыл
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасыАшу
Өскеменде аула клубтары лигасының финалдық кезеңі өтті
Ашу
Қазақстанда балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі
Жетісу облысының әкімдігіАшу
«Алып фресканың фрагменттері»: Қарағандыда Петр Кишкистің картиналары-метафоралары көпшілік назарына ұсынылады
Қарағанды облысының әкімдігіАшу
"Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті" жаңалықтары
Кезектен тыс аттестация өткізу туралы хабарландыру
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖДАшу
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы шеңберінде көшпелі тексерулер жүргізілді
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖДАшу
Абай күніне арналған іс-шаралар өткізілді
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖДАшу
Рақымшылық туралы заңды іске асыру: жұмыс жалғасуда
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖДАшуҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару дүйесі Департаменті rонкурс жариялайды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖДАшу